2022 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының 90 жылдығына арналған «Орталық Азияда туберкулез індетін жою: үздік тәжірибе, сын-қатерлер және мүмкіндіктер» атты 6-шы Халықаралық конференциясында Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы қызметін дамытуға зор үлес қосқан көрнекті ғалымдарға, ардагерлерге және үздік мамандарға үкіметтік наградалар мен алғыс алғыс хаттар табыс етілді
Әріптесіміз, статистика бөлімінің басшысы Корликаш Нұрахметқызы Модахметова фтизиатрия қызметіне қосқан үлестері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды!
Корликаш Нұрахметқызы Молдахметова 1956 жылы ШҚО, Бесқарағай ауданы Семеновка ауылында дүниеге келген.
1982 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Институтын тәмәмдаған.Жалпы еңбек өтілі-39 жыл. Фтизиатрия саласында-36 жыл,басшылық лауазымда 3 жыл еңбектенді.Еңбек жолын 1983-1986 жылдан Семеновка ауылдық ауруханасында балалар дәрігері болып бастаған.
1986-1988 жылдарда ТМҰО балалар бөлімінде фтизиопедиатр мамандығы бойынша екіжылдық клиникалық ординатурадан өтті.
1993 жылдан тастап Алматы қаласында туберкулезге қарсы күрес саласында қызмет атқарып келеді. 13 бойы Жетісу аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде ұйымдастыру –әдістемелік бөлімнің меңгерушісі болды.
2011жылдан Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде бас дәрігердің ұйымдастыру –әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары міндетін атқарды.
2013 жылдан 3жыл көлемінде Медеу аудандық диспансерінде бас дәрігер лауазымын атқарды .
Қазіргі уақытта « Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК ұйымдастыру –әдістемелік бөлімнің меңгерушісі .
Осы уақытқа дейін бірнеше рет аудандық, қалалық әкімшіліктің,денсаудық сақтау басқармасының мақтау грамоталарымен марапатталған.
Корликаш Нұрахметқызы Молдахметова осы жылдарда өзін ұжымдастар арасында өз көзқарасы бар, жұмыс жүргізуді жақсы ұйымдастыра білетін,алға қойылған міндеттерді жоғары дәрежеде орындалуын қадағалап, әруақытта өзін жақсы қырынан көрсетіп келген білікті маман. Сонымен қатар, ұжым арасындағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.
Алматы қаласында фтизиатрия саласында, оның ішінде статистика бойынша ол кісінің еңбегі атап өтуге тұрарлық.
Ардагер әріптесімізді мараптатымен тағы да құттықтаймыз! Алдағы уақытта зор денсаулық , қажымас қайрат тілейміз!