2022 жылғы 20 қыркүйекте ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» мамандары «Плевриті дифференциалды диагностикалау. Туберкулезді диагностикалау мен өз уақытында анықтау. Қақырақ жинау алгоритмі» тақырыбында Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында семинар өткізді. Семинарды дәрігер-фтизиатр Биімбетова Алия Тұрсынбекқызы өткізді. Қақырақ жинау алгоритмін медбике Ералиева Лиза оқыды. Семинарға 25 аурухананың қызметкерлері қатысты. Мамандар қойылған сұрақтарға кеңінен, қанағаттандырарлықтай жауаптар берді.Семинар соңынан тест түрінде аттестациялау өткізілді.