2022 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы қалсында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының 90 жылдығына арналған «Орталық Азияда туберкулез індетін жою: үздік тәжірибе, сын-қатерлер және мүмкіндіктер» атты 6-шы Халықаралық конференция жұмысын бастады.
Конференцияны ҚР ДСМ ҰФҒО Қазақстандағы Жаһандық қор жобасының, АҚШ-тың Орталық Азиядағы Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) және Қазақстан фтизиопульмонологтары Қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырды.
Халықаралық конференция жұмысын ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният ҰФҒО ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтау сөзімен ашты.
Конференцияға қатысушыларға ДДСҰ/ЕАБ аймақтық директоры Ханс Клюге, Орталық Азиядағы USAID өңірлік миссиясының директоры Лоуренс Харди, «Туберкулезді тоқтату» серіктестігінің елдерді және қоғамды қолдау тобының аймақтық кеңесшісі Андрей Мошняга, ЖИТС, безгек және туберкулезбен күрес жөніндегі Жаһандық қордың Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша тобының өңірлік менеджері Думитру Латычевски сәттілік тіледі.
Салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы қызметін дамытуға зор үлес қосқан көрнекті ғалымдарға, ардагерлерге және мамандарға үкіметтік наградалар, грамоталар, алғыс хаттар табыс етілді.
ҰФҒО директоры Мәлік Әденов орталықтың осы жылдардағы негізгі жетістіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фтизиопульмонологиялық қызметінің алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті.
ДДСҰ/ЕАБ аймақтық директоры Ханс Клюге ДДСҰ Еуропалық аймағының 2023–2030 жылдарға арналған туберкулезге қарсы іс-қимыл жоспарын ұсынды.
Конфернцияға Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығынан директоры Жанар Сапиева, орынбасары Қазима Қажикенова, бөлім басшылары Саулеш Ауезова, Миягуль Мешитбаева және Айнур Елеусизовалар қатысты.
Әріптесіміз, статистика бөлімінің басшысы Корликаш Модахметова фтизиатрия қызметіне қосқан үлестері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды!
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1257-ortaly-aziyada-tuberkulez-indetin-zhoyu-zdik-t-zhiribe-syn-aterler-zh-ne-m-mkindikter.html#sigFreeIdcbaa729005