Алматы тұрғындары Қала күнін тойлап өтті. Қаланың әртүрлі бөліктерінде мерекелік іс-шаралар өтті.
Ару қала Алматымыздың туған күнімен қымбатты алматылықтар!
Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады. Қаланың биылғы мерейтойы 18 қыркүйекке түсіп отыр.
Мың бояулы қаланы "Оңтүстік астана" деп те атайды, арасында жастардың қаласы деп жатады. Себебі жыл сайын республиканың барлық өңірінен мыңдаған талапкер білім алу үшін алып шаһарға келеді
Әсем қаламыздың туған күніне орай ұйымдастырылған шараларға біздің ұжым ұйымшылдықпен қатысып, мерекелік көңіл-күйді тамашалап қайтты.
Қаламыз күннен күнге өсіп, әдеміленіп келеді.
Әсем қаламыз көркейе берсін!
Қала күні аясында шаһар басшысы Ерболат Досаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан он адамаға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сүйем сені, Алматы!» ретро-фестивалінің ашылу салтанатында қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды құттықтады.
«Сіздерді Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бәріміз үшін, әрбір алматылық үшін ерекше мереке!» Сонымен қатар, шаһар басышысы Алматыны дамыту бойынша үлкен мақсаттар мен міндеттер бар екенін атап өтті.
«Бәріміз бірге қаламызды бұдан да жақсырақ және әдемі етуіміз керек. Біздің негізгі мақсатымыз – жайлы қалалық орта құру және мегаполистің барлық аудандарында тұрғындардың табысын арттыру. Мен Алматының барлық тұрғындарына шын жүректен махаббат пен зор денсаулық тілеймін! Біздің Алматы өсіп, гүлдене берсін», – деді Ерболат Досаев.