«Перезагрузка» театры
2022 жылдың 15 қыркүйегінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында «Өзіміздің адам» театрландырылған қойылымы өтті. Ұйымдастырушылары Орталық Азиядағы туберкулезді жою жөніндегі USAID жобасының «AFEW Kazakhstan» қоғамдық қоры мен ҒҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы.
Туберкулез дертімен бетпе-бет келген адамдардың шынайы тағдырлары көрсетілді.
«Оны Чехов ауруы, мергиналдардың, сотталғандардың дерті деп атайды, бірақ ол сіздің әлеуметтік жағдайыңызға қарамайды.
Бүгінгі күні туберкулезбен түрлі ортадан шықан адамдар, шығу тегі, жынысы, жасы және мамандығына қарамастан ауырады.
Жанталас өмірдің ырғағы, күйзелістер, дұрыс тамақтанбау, дұрыс ұйықтамау, ақырында иммунитет жүйсі сыр береді. Сол сәтте ауру жағадан алады.
«Өзіміздің адам» спектаклі дәл осы туралы.
Төрт түрлі тарих. Төрт түрлі тағдыр. Бір диагноз - туберкулез.
Үйреншікті өмірден қалып қою қорқынышты, өзгеру қорқынышты, өзіңді және ауруды қабылдау қорқынышты.
Тылсым шынайы өмірмен, торығу үмітпен, махаббат - нәзіктікпен, ауру денсаулықпен мидай астасып кетеді».
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1246-zimizdi-adam-performans.html#sigFreeIdec9594bfb0
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1246-zimizdi-adam-performans.html#sigFreeIdec9594bfb0