1 қыркүйек –жаңа оқу жылы басталған күн. Сынып сағаты мен мектеп линейкасында мектеп қызметкерлері ата-аналарға міндетті екпе туралы еске салады. Манту сынамасы не үшін қажет ?
Манту сынамасы - бұл организмде туберкулез жұқпасы ( әлемдегі көптеген өлімге әкеп соқтыратын бактериалды жұқпа) бар- жоғын тексеру үшін жасалатын иммунологиялық сынама
Еgov.kz Электронды үкіметтің « Қазақстандағы үлкендер мен балалар екпесі» сайтында белгілі бір топқа жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен міндетті екпелер тегін болатыны көрсетілген .
Жұқпалы жән паразитарлы ауруларға қарсы мектеп оқушылары жоспарлы екпені екпе күнтізбесіндегі көрсетілім бойынша « жас шамасы бойынша көрсетілген уақытымен алдын- ала егу » бойынша қабылдайды. Балалар жергілікті және шет ел өндірушілерінің вакцинваларымен егіледі. Екпеге қойылатын басты талап- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар,медициналық техника Ұлттық сараптама орталығында тіркелген және сертификаты болуы керек.
Екпені сақтаудың белгілі тәртібі болуына байланысты екпе медицина ұйымының арнайы бөлмесінде жасалуы керек. Екпе ата-ананың немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі бойынша жасалады. Қабылданған барлық екпелер туралы мәлімет міндетті түрде амбулаторық карта немесе баланың екпе паспортына енгізіледі.
Ата-аналардың жазбаша келісімінен кейін, 1 сыныптан 11 сынып оқушыларын түгелдей медицина қызметкері қарап шығады. Себебі кей балаларда медотвод болуы мүмкін. 1-8 сынып оқушылары (14 жасқа) дейін Манту сынамасы жасалады, 14 жасқа жеткендерге флюорография жасалынады.
Манту сынамасы-ағзада туберкулез жұқпасының ( әлемдегі көптеген өлімге әкеп соқтыратын бактериалды жұқпа). бар-жоғын көрсететін иммунологиялық сынама. Манту сынамасын орындау кезінде дәрігер тері астына туберкулин (туберкулез микробактериясының сығындысы) жібереді: егер ағза туберкулез микобактериясымен таныс болса- қызыл дақ қалады.
Ең бастысы-Манту сынамасы екпе емес,ол баланың қаншалықты жұқтырғанын қарайтын сынама.
Манту сынамасын бағалау 72 сағаттан (3 күннен) соң ,терінің тығыздалуының өлшеміне қарап туберкулездің бар-жоғын анықтайды.
Реакция миллиметрмен өлшенеді: - тығыздалу өлшемі 0-1 мм – теріс нәтиже; - 2-4 мм – күмәнді реакция; - 5 мм-ден жоғары – оң реакция.
Ата-аналарға өздігінен бағалауға болмайды! Бұл дәрігердің немесе м/бикенің міндеті!
Фтизиатрға қашан қаралу керек?
Дәрігерге қаралуды кешіктірмеңіз, егерде:
• Туберкулезбен ауырған адаммен бала қарым-қатынаста болса;
• Бірінші рет Манту сынамасына оң нәтиже болғанда;
• Манту сынамасына тез реакция болғанда( тері бетінде өліеттену мен қабыршық пайда болса);
• Манту сынамасың үдеуінде;
Өз балаңызды туберкулезден қорғаңыз!
Бізде сіздерді жоғарғы дәрежелі мамандар, заманауи жабдықтар мен ықыласты қарым-қатынас күтеді.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1243-balalarymyzdy-densauly-y-bizdi-olymyzda.html#sigFreeId708f8b41a8
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1243-balalarymyzdy-densauly-y-bizdi-olymyzda.html#sigFreeId708f8b41a8