07.09.2022 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған «Аманат» партиясының онлайн режимде активі өтті. Модераторы Аманат партиясы Түксіб аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Сарыбаев С.А.
Мемлекет Басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жыл сайынғы Жолдауын жариялады, ол келесі мәселелерге арналған:
• Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму;
• Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;
• Сапалы білім беру;
• Өңірлік саясатты жетілдіру;
• Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру;
• Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау;
• Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы