2022 жылдың 23 тамызында заң кеңесшісі Қыстаубаева Үржамал Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының аурухана қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған құқықтық сауаттылық сабағын өткізді. 2022 жылғы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерді тағыда қайталап таныстырып өтті. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған)
(08.06.2022 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен)
29-бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтарының заңда белгiленген медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн тегiн алуға құқығы бар.