19 тамыз 2022 жылы дәрігер-эпидемиолог Жадыра Нащеева Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының стационар бөлімінің қызметкерлеріне Жеке ішек инфекциясы туралы семинар өткізді.
Ішек инфекциясы – біріншіден ас қорыту жолын зақымдайтын жұқпалы аурулардың бір тұтас тобы. Микроорганизмдердің бірнеше тобы: бактерия, вирус және қарапайымдылар жіті ішек инфекцияларының себебі болып табылады.
Инфекция көзі – науқас адам немесе жедел ішек инфекция қоздырғыштарының тасымалдаушысы. Айналадағы адамдар үшін, әсіресе, аурудың жеңіл, анық байқалмайтын және симптомсыз түрлеріне шалдыққандар өте қауіпті.
Микробтар науқастардан және тасымалдаушылардан нәжіс, құсық және зәр арқылы сыртқы ортаға бөлінеді.
Жедел ішек инфекцияларын қабылдағыштық өте жоғары боп келеді. . Жұқтыру қаупі организмге түскен қоздырғыштың мөлшеріне, вируленттігіне, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының барьерлік және ферментативті функциясына және организмнің қабылдағыштығына байланысты.
Ауру нәжіс-ауыз арқылы, тамақ, су және тұрмыстық жанасу арқылы жұғады.
Қоздырғыштың ағзаға түскен кезінен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін, бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Инфекциямен ауырғаннан кейін иммунитет 3 – 4 айдан 1 жылға дейін тұрақсыз болады, осыған байланысты, аурудың қайталануы әбден мүмкін.
Тамақ, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар аурудың берілу факторлары болып табылады, кейбір инфекцияларды жәндіктер (шыбындар, тарақандар) таратады. Сондай-ақ антисанитарлық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, санитарлық ережелерді сақтамай дайындалған тамақ өнімдері жедел ішек инфекцияларын жұқтыруы да мүмкін.
Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) жылдың кез келген мезгілінде болуы мүмкін: вирусты инфекция, көбінесе салқын түскенде, тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі артқан кезде болады, бактериялық инфекциямен сырқаттанушылық жазғы мезгілде болады. Жедел ішек инфекцияларының көпшілігі жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді.
Жедел ішек инфекцияларының негізгі алдын алу шаралары:
– Жеке гигиена ережелерін сақтау, тамақ ішердің алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
– Су ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
– Пайдаланудың алдында жеміс пен көкөністі жақсылап жуып, қайнаған сумен шаю;
– Тамаққа термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану. Тамақты ұзақ, тіпті тоңазытқыштың өзінде ұзақ сақтамау;
– Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тек салқын жерде сақтау, жарамдылық мерзімі өткен азық-түлікті пайдаланбау;
– Шикі өнімдерді өңдеу үшін жеке асүй жабдықтарын (пышақ және кесу тақтайлары) қолдану. Шикі өнімдерді дайын өнімдерден бөлек сақтау;
– Тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылу. Суқоймаларда және бассейндерде шомылған кезде ауызға судың кетпеуін қадағалау;
– Үйді, ауланы таза ұстау.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1233-zhedel-ishek-infektsiyasy.html#sigFreeIde8a1b8eab2
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1233-zhedel-ishek-infektsiyasy.html#sigFreeIde8a1b8eab2