Аурухана ішілік инфекцияның (АІИ) алдын –алу шаралары әрбір медициналық қызметкердің кез-келген медициналық мекемеде эпидемияға қарсы шараларды қатаң орындауымен тұжырымдалады.
АІИ алдын алудың негізгі жолы –инфекция тізбегін жою
АІИ ның алдын алуды ұымдастыру жұмыстары өз құрамына кең көлемді санитарлық –гигиеналық, эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды енгізеді:
АІИ- ның алдын алу шаралары бойынша күші бар директивті құжаттардың талаптарын қатаң сақтау және орындау.
Аурухана ішілік инфекцияның алдын –алу шараларының бірі ол медициналық қызметкерлердің гигиеналық талаптарды қатаң сақтауы.
1. Персонал қол гигиенасын сақтауы керек, қолды гигиеналық деңгейде деконтоминациялау, қажет болған кездерде тері антисептигімен өңдеу.
2. Санитарлық- эпидемиологиялық ережені сақтау және медициналық персоналдың санитарлық мәдениетін көтеру.
3. Емдік манипуляцияларды медициналық қолғаптарды, көзілдіріктерді, қорғаныс бет пердесін, бір мәрте қолданылатын медициналық киімдерді киіп орындау.
4. Қазақстан Республикасы аясында рұқсат етілген жаңа дезинфекциялайтын заттарды қолдану.
5. Мед.персоналдың денсаулығын қадағалау,(сонымен қатар бактерия және вирус тасымалдаушыларды анықтау мақсатымен лабораториялық зерттеулер жүргізу), бекітілген талаптарды қатаң орындау.
Жоғарыда аталған шаралардың ішінде атап өтерлік маңызды мәселе қол гигиенасы - инфекциялардың таралуын азайтудың негізгі шарасы. Медицина қызметкерлеріне арналған негізгі ережелер ҚР ДСМ 23.04.2013 жылғы № 111 бұйрығында көрсетілген және 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығының 172-тармағында белгіленген.
Қолды өңдеудің үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолды дезинфекциялау) және хирургиялық (белгілі бір уақытқа қол стерильділігіне қол жеткізіледі).
Медицина қызметкерлері әрбір манипуляцияның алдында және одан кейін қол гигиенасын сақтаулары тиіс. Бұл ретте қолды өңдеудің барлық кезеңдері қатаң сақталуы керек.
Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «Фтизипульмонология орталығы» МКК-да эпидемиолог дәрігер Нащеева Жадра апта сайын стационарда мониторинг жасап, медицина қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №111 бұйрығына сәйкес қолды жуу кезеңдерінің сақталуын тексереді.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1231-aurukhana-ishilik-infektsiyalardy-aldyn-aludy-ba-ylau-sharalary.html#sigFreeIdc07708d704
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1231-aurukhana-ishilik-infektsiyalardy-aldyn-aludy-ba-ylau-sharalary.html#sigFreeIdc07708d704