2022 жылдың тамыз айында ҚР ДСМ ҰҒФО маманы Абдуллаев Р.Н. Алматы қаласы БМСК ұйымдарының фтизиатрлары мен дублерлары «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» Ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ТАНҰТ АЖ) жұмыс істеу үшін оқуды жалғастыруда.
ТАНҰТ АЖ туберкулезбен ауыратын науқастарды, байланыста болғандарды, жасырын туберкулез инфекциясы бар адамдарды есепке алуға және туберкулезге қарсы препараттарға қажеттілікті анықтауға, әртүрлі аналитикалық және статистикалық кестелерді қалыптастыруға арналған.
Оқытушы БМСК мамандарын туберкулезбен ауыратын науқастардың төлқұжат деректерін енгізу, туберкулезбен ауыратын науқастарды, байланыста болған және жұқтырған адамдарды балалар мен ересектер арасында динамикалық бақылауға үйретті.
Оқу аяқталғаннан кейін тестілеу жүргізіліп, сертификаттар берілді.
Бұл оқыту өте маңызды, өйткені барлық статистикалық деректер мен көрсеткіштер ҰҒФО АЖ-дан жасалады. Кез келген қателік статистикалық есептер мен көрсеткіштердің бұрмалануына әкелуі мүмкін.
2022 жылдың 1-2 тамыз аралығында өткен семинарға №11 ҚЕ, №18 ҚЕ, №30 ҚЕ, №19 ҚЕ, №24 ҚЕ, №32 ҚЕ және №2 ҚЕ фтизиатрлары қатысты.