05.08.2022 жылы Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының фтизиопедиатрлары «Стационарда балалардағы туберкулезді дер кезінде диагностикалау» тақырыбында, Балалар шұғыл медициналық жедел орталығы мен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлерін оқыту мақсатында онлайн семинар өткізді. Семинарды Алматы қаласы фтизиопульмонологиялық диспансерінің Мониторинг және бағалау тобының фтизиопедиатрлары, мамандары Гүлмира Садықова мен Татьяна Филипповская жүргізді. Барлығы БШМЖО 31 дәрігері және №2 БҚКА 28 дәрігері қамтылды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1224-balalar-statsionarlaryny-d-rigerlerin-o-ytu.html#sigFreeId726e4f5c37