➡️19.07.2022 жылы Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының мәжіліс залында «АМАНАТ» партиясының ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға қаланың медициналық ұйымдарының басшылары мен комплаенс қызметкерлері қатысты. Семинарды «АМАНАТ» партиясының өкілі Қожахметов Шыңғысхан және «Даму» Қазақстан қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры Битебаева Анара өткізді.