2022 жылы 21-22 шілде айында Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында қала емханаларының рентгенолог дәрігерлеріне арналған 2 күндік семинар өтті. Семинар тақырыбы: «МСАК деңгейінде ФГ кабинеттің жұмысын ұйымдастыру», «Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы және асқынулары», «Туберкулез ауруындағы өкпенің рентгенологиялық өзгерістері, дифференциалды диагностикасы».
Семинарды жүргізген фтизиопульмонология орталығының мамандары рентгенолог-дәрігер Орабцова М.А. және дәрігер-фтизиатр Акбаева Г.Т.
Оқыту «Фтизиопульмонологиялық қызметті 2021-2022 жылдарда дамыту жөніндегі кешенді жоспар» Жол картасын жүзеге асыру аясында, медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде туберкулезді рентгенологиялық диагностикада патологияны өткізіп алуды болдырмау және туберкулезді дер кезінде анықтау мақсатында жүргізілді.
Алматы қаласының емханаларының рентгенолог-дәрігерлері бекітілген бағдарлама бойынша фтизиопульмонология орталығының мамандарынан білім алды. Емхана рентгенолог-дәрігерлері жұмыс барысында туберкулез бойынша кездесетін мәселелерімен бөлісу арқылы, өз ісінің білікті мамандарынан сұрақтарына жауап алды.
Алматы қаласының Бостандық, Наурызбай, Жетісу, Алмалы аудандары 21-шілде, ал Әуезов, Медеу, Түркісіб, Алатау аудандарының емханалаларының рентгенолог-дәрігерлері 22-шілдеде оқытудан өтті. Жалпы саны 41 болатын емхана рентгенолог-дәрігерлеріне білімін жетілдіргенін растайтын куәлік тапсырылды.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1209-emkhanalardy-rentgenolog-d-rigerlerine-arnal-an-seminar.html#sigFreeId33320e0eb8
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1209-emkhanalardy-rentgenolog-d-rigerlerine-arnal-an-seminar.html#sigFreeId33320e0eb8