Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тізілімі бар Ақпараттық жүйе (Әрі қарай ТНҰТ АЖ), онда туберкулезбен ауыратын науқастарды, туберкулез науқасымен қарым-қатынаста болған адамдарды, латентті туберкулез инфекциясын есепке алу, туберкулез науқастары мен туберкулезді профилактикалық емдеу, әртүрлі аналитикалық есептерді қалыптастыруға арналған информациялық жүйе.
➡️Қазақстанда туберкулезді интеграцияланған бақылаудың 2016-2025 жылдарға арналған ұлттық стратегиясын іске асыру, сондай-ақ ҚР ДСМ 02.02.2016 ж. №77 «Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 қаңтардағы №158 бұйрығының 13-тармағының 2-тарауын орындауды» жүзеге асыру мақсатында 2022 жылғы 23-24 маусымда ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының (ҰҒФО) маманы Р. Н. Абдуллаев Алматы қаласының МСАК көрсететін ұйымның дәрігер-фтизиатрлары мен дублерларына ТНҰТ АЖ-мен жұмыс жасауға оқыту жүргізді.
➡️Балалар мен ересектер арасында туберкулезбен ауыратын, туберкулез науқасымен қарым-қатынаста болған және латентті туберкулез инфекциясы бар адамдардың динамикалық бақылау мәселелері туралы және де ақпаратты енгізу толық берілді.
➡️Өткізілген оқыту барлық статистикалық мәліметтер және көрсеткіштер ТНҰТ-дан электрондық нұсқалар қалыптасатындықтан өте маңызды болып табылады. Кез келген қателік статистикалық есептер мен көрсеткіштердің бұрмалануына әкеледі.
➡️Семинарға №1, №8 және №12 қалалық емханалардың дәрігерлері қатысты. Тренинг алдында және соңында тестілеу өткізілді.