Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК коронавирустық инфекцияға қарсы 4-ші ревакцинация шаралары жалғасуда. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикасының арқасында аймағымызда соңғы уақытта COVID-19 жұқтырған науқастар азайып, эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.

Фтизиопульмонология орталығында қызметкерлерді COVID-19 қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту 100 пайыз орындалды, ревакцинацияның үшінші компонентімен қамту 97 пайыз орындалды.

Ревакцинация жүргізу коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптасуына әсер ететіні белгілі. Бүгінгі таңда QazVac, Sinopharm, Pfizer вакциналары жеткілікті.

2022 жылы 23 мамыр күні Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №25 қаулысы шықты.

Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсы бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі. КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) медицина қызметкерлері; медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы; күш құрылымдарының қызметкерлері; педагогтер; пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті; 50 жастан асқан адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады.

Өркениетті елдер арасында қайта ревакцинациялау COVID-19 айналымындағы және оның жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылып отыр. Қазіргі уақытта КВИ-ға қарсы 4-ші ревакцинацияны Нидерланд, Германия, Австрия, Австралия, Греция, Израиль, Италия, АҚШ, Польша, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Сауд Арабиясы, Бельгия, Венгрия, Малайзия, Испания, Сингапур, Португалия, Швеция, Оңтүстік Корея елдері жүргізуде.