Бүгінгі күні туберкулезбен күрес және бұл аурудың таралуын бақылау бүкіл әлемде денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып қала береді.
Ересек жаста туберкулезді алдын алу бұл – скринингтік тексеру және ауруды ерте кезеңде анықтау болып табылады.
Туберкулезді дер кезінде анықтау үшін БМСК деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру маңызды рөл атқарады және туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу мәселелерінде маңызды аспект болып табылады.
2022 жылдың 18 мамырында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК (бұдан әрі – ФО) жүргізіліп жатқан туберкулезге қарсы іс-шараларды жетілдіру мақсатында Алмалы ауданының БМСК ұйымдарымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Алматы қ. ҚДБ ФО ұйымдастыруымен болған «Дөңгелек үстел» Алмалы ауданы аудандық медицина бірлестігінің (бұдан әрі – АМБ) базасында №8 қалалық емханада өтті. Дөңгелек үстелге АМБ үйлестірушісі, бас дәрігер Ф.А.Агибаева, ФО директоры Ж.А.Сапиева, бас дәрігерлер мен бас дәрігердің орынбасарлары, аудандағы емханалардың бөлім меңгерушілері, емханалардың учаскелік фтизиатрлары, жауапты медицина қызметкерлері, ФО мониторинг және бағалау бөлімінің мамандары қатысты.
Отырыс барысында аудандағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайына талдау, ФО Мониторинг және бағалау бөлімімен жүргізілген мониторинг нәтижелері, туберкулезді молекулярлық-генетикалық әдіспен уақтылы анықтау, туберкулезді алдын алу шараларын ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері қаралды, ересектер мен балалар арасындағы туберкулез, амбулаторлық емдеу және ҮЕҰ-мен емдеуден бас тартуды алдын алу үшін өзара іс-қимыл мәселелері ұсынылды.
Дөңгелек үстел отырысының соңында Алмалы ауданы бойынша БМСК медициналық ұйымдары үшін туберкулезге қарсы іс-шаралардың көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы шешім қабылданып, орындау мерзімдері белгіленіп, алдағы жұмыстардың міндеттері мен жоспарлары белгіленді.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1184-almaly-audanyny-bmsk-jymdarymen-d-gelek-stel-tuberkulezdi-aldyn-alu.html#sigFreeId28e44c0f54