➡️2022 жылдың 18-20 мамырында Алматы қ. Фтизиопульмонология орталығында сәулелік диагностика бөлімінің қызметкерлері жұмыс орнында «Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыпта, қашықтан оқытылатын курс бойынша үш күндік семинарды өтті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына сәйкес сәулелік диагностика қызметкерлері арнайы дайындықтан (оқытудан) өтуі және Радиациялық қауіпсіздік бойынша куәліктерін 5 жылына бір рет алуы тиіс. Фтизиопульмонология орталығында 13 қызметкер оқытылды, оның ішінде 5 дәрігер. Радиациялық қауiпсiздiк бойынша нұсқаулық және бiлiмдi тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi. Білімді тексеруді радиациялық объектінің әкімшілігі тағайындайтын комиссия жүргізеді. Фтизиопульмонология орталығында 2 КТ-аппарат, 2 стационарлық цифрлық рентген аппараттары бар.