Туберкулёз — адамдарға денсаулығының нашарлауы, қайғы-қасірет және өлім түріндегі орасан зор салмақ салуды жалғастыруда және стигматизация мен кемсіту туберкулезбен ауыратын науқастар мен олардың отбасылары үшін үлкен шығындарға әкеледі, сондықтан бұл аурумен күресу тиісті салааралық ынтымақтастықты қажет етеді. ДДҰ өзінің «EndTB» стратегиясында 2035 жылға қарай туберкулезден болатын өлімді 95%-ға және туберкулезбен сырқаттанушылықты 90%-ға азайтуды мақсат етіп қойды.
Туберкулезді дер кезінде анықтау халық арасында туберкулез инфекциясының таралуын болдырмайтын және науқастарды емдеуде қолайлы нәтиженің ықтималдығын арттыратын негізгі шаралардың бірі болып табылады.
Туберкулез емделеді және алдын алуға болады!
Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК (бұдан әрі ФО) БМСК ұйымдарымен дөңгелек үстелдер өткізу бойынша жұмысты жалғастыруда, 2022 жылдың 23 мамырында ауданда жүргізіліп жатқан туберкулезге қарсы іс-шараларды жақсарту мақсатында Әуезов ауданының БМСК ұйымдарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел Әуезов ауданы, №10 ҚЕ-да аудандық медициналық бірлестігінің (бұдан әрі – АМБ) базасында АМБ үйлестірушісі, бас дәрігер Токмолданова Р.У., Алматы қ. ҚДБ штаттан тыс фтизиатр-дәрігері және ФО директоры Ж.А.Сапиеваның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, дөңгелек үстелге Әуезов ауданындағы емханалардың бас дәрігерлері мен бас дәрігердің орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, емханалардың учаскелік фтизиатрлары, амбулаторлық емдеу және қақырық қабылдау кабинеттерінің жауапты медицина қызметкерлері, ФО мониторинг және бағалау бөлімінің мамандар қатысты.
Отырыс барысында Әуезов ауданындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы, Орталық қордың мониторинг және бағалау бөлімі жүргізген мониторинг нәтижелері, туберкулезді молекулярлық-генетикалық әдіспен дер кезінде анықтау, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері қаралды. ересектер мен балалар арасындағы туберкулезге қарсы шаралар, амбулаторлық емдеу, емдеуден бас тартудың алдын алу үшін ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу жайлы айтылды.
Дөңгелек үстел отырысының соңында Әуезов ауданының БМСК медициналық ұйымдары үшін туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы шешім қабылданды, мерзімдер белгіленді, анықтау бойынша алдағы жұмыстардың міндеттері мен туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша жоспарлары анықталды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1180-uezov-audanynda-tb-bojynsha-d-gelek-stel.html#sigFreeId97035b3146