Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК (бұдан әрі ФО) БМСК ұйымдарымен дөңгелек үстелдер өткізу бойынша жұмысты жалғастырды 2022 жылғы 25 мамырда ауданда жүргізіліп жатқан туберкулезге қарсы іс-шараларды жақсарту мақсатында Бостандық ауданының БМСК ұйымдарымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел Бостандық ауданы аудандық медициналық бірлестігінің (бұдан әрі – АМБ) базасында №7 қалалық емханасында АМБ үйлестірушісі, бас дәрігер Асен А.А., Алматы қ. ҚДБ бас штаттан тыс фтизиатры және ФО директоры Ж.А.Сапиеваның сонымен қатар, бас дәрігерлер мен бас дәрігердің орынбасарлары, аудандық емхана бөлімдерінің меңгерушілері, учаскелік фтизиатрлар, емханалардың амбулаторлық емдеу және қақырық қабылдау кабинеттерінің жауапты медицина қызметкерлері, сондай-ақ, ФО Алматы қаласы бойынша мониторинг және бағалау мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Отырыс барысында Бостандық ауданындағы туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы, туберкулезді молекулярлық-генетикалық әдіспен уақтылы анықтау бойынша ФО Мониторинг және бағалау бөлімімен жүргізілген мониторинг нәтижелері тыңдалып, талқыланды. ересектер мен балалар арасында туберкулездің профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыруды жетілдіру, амбулаторлық ем, емдеуден бас тартуды алдын алу бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүргізу талқыланды.
Дөңгелек үстел отырысының соңында Бостандық ауданының БМСК медициналық ұйымдары үшін туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы шешім қабылданды, мерзімдер белгіленді, туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алу, анықтау бойынша алдағы жұмыстардың міндеттері мен жоспарлары анықталды.
Әр емхана бойынша ұсыныстар берілді.
Туберкулез емделеді және алдын алуға болады!
Қазіргі уақытта туберкулезді диагностикалау 2 сағаттан 2 күнге дейін диагноз қоюға мүмкіндік беретін экспресс әдістермен жүзеге асырылады, туберкулезге қарсы препараттарға төзімділік дереу анықталады, бұл емдеуді аурудың ерте сатысында сезімталдылығын есепке ала отырып бастауға мүмкіндік береді. Бұл Gene-Xpert, Hain-test, Bioneer сияқты туберкулезді диагностикалаудың молекулалық-генетикалық әдістері.
Туберкулезді дер кезінде анықтау халық арасында туберкулез инфекциясының таралуын болдырмайтын және науқастарды емдеуде қолайлы нәтиженің ықтималдығын арттыратын негізгі шаралардың бірі болып табылады.
БМСК деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеудегі ең маңызды аспект болып табылады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1175-bostandy-audanyny-bmsk-jymdarymen-d-gelek-stel.html#sigFreeId7be17c51d1