2022 жылдың 27 мамыры Алматы қ. Дегдар 45, көш. Фтизиопульмонология орталығының базасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қанат Нұров пен Мәслихат депутаты Ахметжан Шардинов орталық қызметкерлерімен алдағы референдумның маңызды тұстарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Конституцияға енгізілген түзетулер әділетті Қазақстанды құрудың жаңа кезеңінің бастамасы болмақ, депутаттар елімізде болып жатқан өзгерістер мен алдағы референдум туралы айтты.
Жиынға қатысушылар референдум өткізу туралы шешімді қолдады. Қатысушылар пікір алмасып, Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістердің кейбір тұстарын талқылады.
Мәжіліс депутаты Қанат Нұров сайлау құқығы бар әрбір қазақстандықтың референдумға қатысуының маңыздылығына тоқталып, орталық қызметкерлерін ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға шақырды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1171-aza-stan-respublikasy-m-zhilisini-deputatymen-kezdesu.html#sigFreeId05dfcbd3c1