2022 жылдың 27 сәуірінде Алматы қаласы ҚБД ШЖҚ «Фтизиопульмонологиялық орталық» МКК базасында аурухана қызметкерлеріне Республика Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығымен таныстыру және оқыту семинары өткізілді. Жаңа бұйрық: Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 «Санитарлық ережелер» Санитариялық-эпидемияға қарсы, жұқпалы аурулардың (туберкулездің) алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»»
Семинарды ФО ОМО және МжБ басшысы Молдахметова Карлыгаш өткізді. Баяндамада әрбір қызметкердің жеке қауіпсіздігі үшін санитарлық нормалардың сақталуы, бұл ЖҚҚ (жеке қорғаныс құралдары) киюі, инфекция қаупі жоғары жерлерде, қорғаныс деңгейі жоғары респираторды қолдануы ерекше атап өтілді, кемінде 94,0 пайыз (%), респираторлар 8 сағат бойы пайдаланылады. Және де бұйрықта Фтизиопульмонологиялық стационарларда дезинфекция жүргізу тақырыбына көп көңіл бөлінген.