Жаңалықтар
11.07.2018 ж Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері балалар бөлімі бірінші санатты медбикесі Даулетбаева Жеңіскуль Смагуловна Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан № 27 Емханаға қарасты «Бала- Дария» балабақшасында фтизиопедиатрия курациясының медбике тарапынан қызметін көрсетуде. Дәрігер мен медбике кабинеттерінде, егу кабинеттерінде, НКЛ кабинеттеріндегі медициналық қызметтің көрсетілу деңгейін, құжаттардың жұмысының жүргізілуін қадағалап методикалық нұсқауларын беруде:
9-10 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы Қазақстан Республикасындағы Ғаламдық қор жобасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан «Қазақстан Республикасында 2019 жылға К/АДК ТБ бойынша науқастарды емдеуге арналған жаңа туберкулезге қарсы препараттардың қажеттілігін анықтау» тақырыбында семинар өткізді. Қатысу үшін ҰҒТО дәрі-дәрмек координаторлары, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының туберкулезге қарсы мекемелері шақырылды.
Астана күнін мерекелеу қарсаңында Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің қызметкерлері үстел тенисі бойынша спорттық жарыстар өткізді. Құрылымдық бөлімшелер белсенді қатысып, жеңімпаздар естелік силықтармен марапатталды.
Бүгін, 2018 жылдың 5 шілдесінде Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің ұжымы «Сәлем Астана» ұранымен флэш-моб өткізілді.
05.07.2018 ж. АТҚКД-нің Балалар бөлімінде орта және кіші медициналық қызметкерлер арасында семинар өткізілді. Семинар тақырыбы: Қоғамдық және жұмыс орнындарда Антитерристтік қауіпсіздік.
2018 жылдың 04 шілдесі күні Қазақстан Ренспубликасының Астана күнін мерекелеу қарсаңында, Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің мәжіліс залында АТҚКД-нің қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс болып өтті. Құттықтау сөздерімен бас дәрігердің клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Карабаев А.К. бөлім меңгерушісі Сырлыбаев Е.К. Бас мейірбике Кажыкенова А.К., құттықтау сөздерін сөйледі. Жаңа елорданың және еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев идеясының жүзеге асуы екенін атап өтті. Астана біздің Отанымыздың астанасы және 1994 жылы Президент резиденциясы болды және әлемдегі ең әдемі мега-қалалардың бірі болды. Әр күн сайын ол дамып, гүлденіп келеді. Мұнда спорттық және мәдени іс-шаралар көп. Ең заманауи ғимараттар салынып жатыр, олар сәулетімен таң қалдырады.
03.07.2018 жылы АТҚКД-нің 2-ші Гончарная 21 филиалында Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізілді. «Санат Әлемі» Қоғамдық қоры амбулаториялық емдеуде жатқан емделушілерге астананың мерейтойына арналған концерт ұйымдастырылды.

















