Жаңалықтар

     23.08.2019 жылы № 11 ҚЕ ШЖҚ КМК Фтизиопульмонология орталығының координаторлары    Э. Мұхаметкаримқызы және Г. Б. Сембекова туберкулез алдын алу іс-шаралары бойынша мониторинг жүргізді. Мониторингтің міндеті жүргізілетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау болып табылады туберкулез бойынша алдын алу, проблемалық мәселелерді анықтау, алынған мәліметтерді қорыту және тиімді бақылау үшін іс-шараларды одан әрі жоспарлау.

 Мониторинг барысында 2019 - 2020 жылдарға арналған Жол картасының іске асырылуын бағалау, 2019 жылдың 7 айында №11 ҚЕ туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша индикаторлардың орындалу сапасы мен амбулаториялық кезеңде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі жөнінде профилактикалық іс-шаралар өткізу. ТБЕ кабинетінің жұмысына мониторинг жүргізіліп, чек парақтары  толтырылды. Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

29.08.19 жылы  Алматы қаласы "Фтизиопульмонология орталығында" 30 тамыз "Конституция куніне" орай мерекелік іс шара өтті. Сапаны бықылау жөніндегі директордың орынбасары Кажикенова К.О. және өкпе хирургия бөлімінің меңгерушісі Бижанов Б.А. қызметкерлерді Ата заңымыздың қабылданған күнімен қуттықтау сөздерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді. Патриоттық сезімді оятатын ән-куй шырқалып қызметкерлер көтеріңкі көңіл куйде тарқады.

Алматы қ. Бостандық ауданы № 17 ҚЕ базасында Фтизиопульмонология орталығының координаторы Г. М. Садыкова ЕПМ медициналық ұйымдарының мамандары мен медбикелер арасында семинар өткізді. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бірлестігі 23.08.2019 ж. №132 бұйрығы бойынша «1-сынып оқушыларының туберкулезіне қарсы ревакцинация жөніндегі компанияны ұйымдастыру және «қауіп тобындағы» балалар арасында туберкулезді ерте анықтау жөніндегі шараларды күшейту» туралы. Семинарға иммунологтар, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, фтизиопедиатрлар және мектеп медбикелері шақырылды. Семинарда 2019 оқу жылында 1 сынып оқушыларының туберкулезіне қарсы ревакцинация бойынша ұйымдастыру жұмысытарының талаптары талқыланды.Емхана кординаттары, мектеп медбикелері тарапынан сұрақтар туындады. Семинарға қатысушылар тест тапсырып білімдерін тексерді. Қатысушылар саны – 69 маман.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 22 қызметті портал арқылы цифрлады.

Бұл анықтаманы тегін ұсыну жоспарлануда. Бұрын анықтамалар ақылы және тек арнайы мекемеде берілетін. 15 минутқа дейін анықтамалар қалыптастырылады және eGov.kz жеке кабинет арқылы  қолжетімді.

15.07-16.07.2019 ж. Алматы қ. ҚДБ "Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК маманы    Г. Т. Акбаева, орта бизнес кәсіпорындарының басшылары арасында туберкулездің алдын алу және бизнеске әсер ету мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді. Ақпарат жүргізу барысында, 2019-2020 жылдарға арналған «Жол картасын» іске асыру бойынша туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру жөнінде айтылды.

10.07.2019 ж. Алматы қаласында Орталық Азиядағы KNCV өкілдігімен ұйымдастырылған "ТБ/АИТВ-ның алдын алу және емдеуді жақсарту-болашақ модельдерін құру" жобасының қорытындысы шығарылып, іс-шараның жабылу салтанаты өтті.