Жаңалықтар

2018 жылдың тамыз айының 13-і күні, сағат 10:15те Қазақ Ұлттық арнасының тікелей толқынында балалар бөлімінің басшысы Садыкова Гульмира Мадениятқызы «Сұрақ сізден – жауап бізден» айдарында «Тұрғындардың арасында туберкулез індетінің алдын алу іс-шараларын жүргізу» деген тақырыпта әңгіме өрбітіп, тікелей толқында сұрақтарға жауап берді.

Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығы балалар бөлімінде орта буынды медбикелер арасында «Сөз сиқыры» тренинг семинар өткізілді. Орта буынды медицина қызметкерлерлерінің, яғни медбикелер қызметіндегі этика деонтология деңгейінің жоғары деңгейде болуын талап ететін стандарттар таныстырылып өтті. Семинар тренингті ұйымдастырушы психолог Тұңғышбаева Мөлдір . Жоғары деңгейде өткен семинар медбикелер үшін өте әсерлі болды.

Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының Балалар бөлімі учаскелік  медбикелері 27.07.2018 ж бала бақшалар мен емхана медбикелерінің қызмет көрсету деңгейін  бағалау мақсатында өз үлестерін қосуда.

Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының балалар бөлімі меңгерушісі Ауэзова Сауле Акбалаевна., балалар бөлімі фтизиопедиатры Бусурманова Рамия Толеуовна қатысуымен, Ауэзов аудандық 20.07.20018 ж ҚДҰБ (УООЗ) ғимаратында сағат 14.00 болан медициналық кеңеске Ауэзов ауданының ҚДҰБ (УООЗ) қызметкерлері, №15 емхана эксперт дәрігері, учаскелік дәрігері шақырылды..

Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері Бекхожин 9 орналасқан балалар бөлімінде медицина қызметкерлеріне 13.07.2018 ж юрист Қасымов Қайсар Қасымұлы Қаңтарбаева Жанна Орынбасаровнаның қатысуымен «Діни терроризм және экстремизм» тақырыбында семинар өткізді.

12.07.2018 ж Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері балалар бөлімі бірінші санатты медбикесі Даулетбаева Женіскуль Смагуловна Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан № 27 Емханаға қарасты «Аманат» әлеуметтік балалар үйі- интернатта фтизиопедиатрия курациясының медбике тарапынан қызметін көрсетуде. Дәрігер мен медбике кабинеттерінде, егу кабинеттерінде, НКЛ кабинеттеріндегі медициналық қызметтің көрсетілу деңгейін, құжаттардың жұмысының жүргізілуін қадағалап методикалық нұсқауларын беруде:

12.07.2018 ж Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері балалар бөлімі жоғары санатты медбикесі Қаракулова Жаңыл Мустафаевна Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан «Алматы облыстық балалар үйінде» фтизиопедиатрия курациясының медбике тарапынан қызметін көрсетуде. Дәрігер мен медбике кабинеттерінде, егу кабинетінде, НКЛ кабинетіндегі медициналық қызметтің көрсетілу деңгейін, құжаттардың жұмысының жүргізілуін қадағалап методикалық нұсқауларын беруде: