Жаңалықтар

Алматы қ. Бостандық ауданы № 17 ҚЕ базасында Фтизиопульмонология орталығының координаторы Г. М. Садыкова ЕПМ медициналық ұйымдарының мамандары мен медбикелер арасында семинар өткізді. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бірлестігі 23.08.2019 ж. №132 бұйрығы бойынша «1-сынып оқушыларының туберкулезіне қарсы ревакцинация жөніндегі компанияны ұйымдастыру және «қауіп тобындағы» балалар арасында туберкулезді ерте анықтау жөніндегі шараларды күшейту» туралы. Семинарға иммунологтар, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, фтизиопедиатрлар және мектеп медбикелері шақырылды. Семинарда 2019 оқу жылында 1 сынып оқушыларының туберкулезіне қарсы ревакцинация бойынша ұйымдастыру жұмысытарының талаптары талқыланды.Емхана кординаттары, мектеп медбикелері тарапынан сұрақтар туындады. Семинарға қатысушылар тест тапсырып білімдерін тексерді. Қатысушылар саны – 69 маман.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 22 қызметті портал арқылы цифрлады.

Бұл анықтаманы тегін ұсыну жоспарлануда. Бұрын анықтамалар ақылы және тек арнайы мекемеде берілетін. 15 минутқа дейін анықтамалар қалыптастырылады және eGov.kz жеке кабинет арқылы  қолжетімді.

15.07-16.07.2019 ж. Алматы қ. ҚДБ "Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК маманы    Г. Т. Акбаева, орта бизнес кәсіпорындарының басшылары арасында туберкулездің алдын алу және бизнеске әсер ету мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді. Ақпарат жүргізу барысында, 2019-2020 жылдарға арналған «Жол картасын» іске асыру бойынша туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру жөнінде айтылды.

10.07.2019 ж. Алматы қаласында Орталық Азиядағы KNCV өкілдігімен ұйымдастырылған "ТБ/АИТВ-ның алдын алу және емдеуді жақсарту-болашақ модельдерін құру" жобасының қорытындысы шығарылып, іс-шараның жабылу салтанаты өтті.

24.06.2019 ж. Алматы қаласы «Сұңқар – 2» ЖМО-да ҚДБ Фтизиопульмонология орталығының мамандары Н. Р. Мукушев және А. Н. Нусупова туберкулез бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету жөнінде  мониторинг жүргізді. Мониторингтен кейін дәрігерлерге туберкулезді ерте анықтау , диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқыту жүргізілді.

26.06.19 ж. Медеу аудандық мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті, оған «Забота» дағдарыс орталығы, ҮЕҰ директоры У. С. Лұқпанова және ҚҚ "Санат Алеми" өкілі М. Е. Абдилов қатысты. Дөңгелек үстелді Алматы қ. ДСБ фтизиопульмонология орталығының координаторлары Э. Мұхаметкаримқызы және Ж. К. Қыстаубаева ұйымдастырды.

15.07-16.07.2019 жылы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ КМК Фтизиопульмонология орталығының  маманы  Г. Т. Акбаева орта бизнес кәсіпорындарының басшылары арасында туберкулездің бизнеске әсері және туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді.