28-29-қазанда Алматыда туберкулёз және өзге өкпе аурулары мәселесіне арналған халықаралық конференция өтуде
2021 жылдың 28-29 қазанында, Алматы қ. ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ДСМ ҰФҒО) және Жаһандық қордың Грантын іске асыру тобының ұйымдастыруымен туберкулёз және өзге өкпе ауруларын анықтау, алдын алу және емдеумен байланысты стратегиялық мәселелерге арналған Халықаралық конференция өтуде.
Халықаралық конференцияға отандық және халықаралық сарапшылар, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің, ҚР ДСМ ҰФҒО, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ), Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының (ДЗМБСҰО), ҰФҒО жанындағы Жаһандық қор Грантын жүзеге асыру Тобының (ЖҚ ЖЖАТ), облыстық және қалалық фтизиопульмонология орталықтарының бірінші басшылары мен өкілдері, сонымен бірге ДДСҰ, Жаһандық қор, СТОП ТБ халықаралық әріптестігі, KNCV, USAID, ETICA жобасы, PIH т.б. халықаралық серіктестердің, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚР ДСМ ҚДИАҒО), ТБ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың лаузымды тұлғалары қатысуда.
Конференцияда Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева «Туберкулезді емдеу тиімділігінің төмендеуін талдау» тақырыбында есеп берді. Және де фтизиатрияда кадр тапшылығы туралы көтерілген мәселе бойынша болған секцияға қатысты.
Конференция аясында денсаулық сақтау жүйесінің құзіретті өкілдері, осы саланың білікті майталмандары мен халықаралық сарапшылар туберкулез бен коронавирус індетімен байланысты өзекті мәселелерді талқыға салды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/987-28-29-azanda-almatyda-tuberkuljoz-zh-ne-zge-kpe-aurulary-m-selesine-arnal-an-khaly-araly-konferentsiya-tude.html#sigFreeId9e879b4462