Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және бағалау группасының меңгерушісі Саулеш Ауезова Грузиядағы әріптестермен тәжірибе алмасты
2021 жылдың 6-қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұлттық және аймақтық деңгейдегі іс-шараларды бағалау және мониторинг бойынша мамандары мен Жаһандық Қор грантын жүзеге асыру тобының өкілдері Грузияға сапарын бастады. Үш күн ішінде Грузияның туберкулез және өкпе аурулары Ұлттық орталығының қабырғасында екі елдің мамандары тәжірибе алмасады, туберкулезбен байланысты эпидемиологиялық ахуал, Сovid-19 індеті тудырған жаңа түйткілдер, қалыптасқан жағдайда қолға алынған іс-шаралар туралы ақпаратпен бөліседі және медицина мекемелерінде болады.
Сапар барысында Қазақстан мен Грузияның туберкулезге қарсы бағдарламаларының арасында ғылыми-техникалық және білім беру бойынша ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойылды.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/985-tuberkulezge-arsy-ltty-ba-darlamalar-bojynsha-gruzin-zh-ne-aza-standy-riptester-arasynda-t-zhiribe-almasu.html#sigFreeId72697ffb24
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/985-tuberkulezge-arsy-ltty-ba-darlamalar-bojynsha-gruzin-zh-ne-aza-standy-riptester-arasynda-t-zhiribe-almasu.html#sigFreeId72697ffb24