Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК әкімшілігі, елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызмет атқарып отырған ұжымымызды келе жатқан ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!!!

 

Ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алуға шақырамыз, Отанымызға – береке, Халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз!!!

 

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.

 

Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар деп

 

Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілейміз!