24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні!
Осыған орай емханамызда профилактикалық айлық бастау алды. Халық арасында жұқпалы аурудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтіліп жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы туберкулез ауруы, бастапқы белгілері, сақтану, алдын алу шаралары туралы санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілуде. Бала -бақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер, білім беру ұйымдарында 5-11 сыныптар арасында туберкулез жұқпасы туралы дәрістер, диктанттар және әңгімелер жүргізіліп, мұғалімдерден, тәрбиешілерден және оқушылардан сауалнамалар алынуда.
Айлық аясында «Туберкулездің алдын алу. БЦЖ вакцинациясы, ревакцинациясы» тақырыбында медицина қызметкерлері арасында семинар өткізу жоспарлануда.
Аудан бойынша туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы мен оның алдын алудағы өзекті мәселелер бойынша мүдделі мекемелермен дөңгелек үстел (онлайн) өткізілді.
Туберкулез ауруы туралы кішкене ақпарат!
Туберкулез ауруының бастапқы белгілері ол:
-2 аптадан аса жөтелу, дене қызуының 37.0-37.5-ке көтерілуі, тәбеттің жоғалуы, түнде терлеу, арықтау, кеуденің шаншуы, жалпы әлсіздік, қажып-шаршау.
Осы белгілердің бірі білінген кезде, дереу дәрігерге барып көрген дұрыс.
Туберкулезді алдын алу шаралары : -Балаларға жасына сәйкес жоспарлы БЦЖ екпесін жасату, Манту сынамасын жасату, флюорографиялық тексерісін жылына1 рет өту, салауатты өмір салтын ұстану,дене шынықтыру мен айналысу, жақсы демалу, жаман әдеттерден аулақ болу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау.a
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/924-24-nauryz-d-niezh-zilik-tuberkulezge-arsy-k-res-k-ni.html#sigFreeIdaa429b197d