16 желтоқсан күні Қазақстанда ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдады. Тәуелсіздік күні қарсаңында бүкіл елде салтанатты іс-шаралар мен көрнекті азаматтарға марапаттар беріледі.
 
15.12.2020 жылы Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының (ФО) мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті, 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғалары туралы деректі фильм көрсетілді.
Ұжымды Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева құттықтады, коронавируспен күреске қатысқан қызметкерлерді атап өтті, туберкулезге қарсы күрестегі жетістіктер туралы айтты. Әсіресе «Санат Әлемі» Үкіметтік емес ұйымымен бірлескен жұмысты атап өтіп және бағалы сыйлықпен алғыс хат табыс етті.
 
Кадрлар бөлімінің басшысы Жанаргүл Жүнісбекованы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталуымен құттықтады.
 
Фтизиатр-дәрігер Мұхамедкерімқызы Эльвираны 2020 жылдың қараша айында өткен туберкулезбен күресудің кезектен тыс Айлығында белсенді қатысқаны үшін атап өтті.
 
Қазақстан туралы патриоттық тақырыпта өлең оқу байқауының қорытындысы шығарылды, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, директордың орынбасары Казима Кажикенова, ФО кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәулеш Әуезова құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақтың қызметкерлеріне адал жұмыс істегені үшін Грамоталар табыс етілді.
Салтанатты жиналыс санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті, барлығы 25 ФО қызметкері және «Санат әлемі» ҮЕҰ-ның 2 қызметкері қатысты.