«БАҚ және әлеуметтік желілермен байланыс орнату. Жаңа жағдайдағы дағдарысқа қарсы коммуникациялар» тақырыбы аясында Алматы қаласы мекемелерінің баспасөз хатшылары арасында медиа-тренерлер: Тележурналист, жүргізуші,телевизиялық академик-Сергей Пономарев, «PR-шы» клубының вице-президенті, мемлекеттік бағдарламаларды ілгерілету бойынша маман-Айбар Олжаев, Журналист, блогер, көпшілік алдында сөйлеу мен шешендік тренингтердің авторы-Полина Шиманскаяның жүргізуімен керемет тренинг өткізілді.Тренинг барысында спикерлерімізді (яғни бірінші басшымызды) Бұқаралық ақпарат құралдарының алдында ,әлеуметтік желілермен өзара байланыс кезінде имиджін қалай жасақтау, сұхбатқа дайындық, сұхбат барысында келтіретін кедергілерді алдын-ала ескеру, журналистердің психологиясы,көпшілік арасында сөйлеген кезде жіберілетін қателіктер, интернеттегі қазіргі қауіп-қатерлер және де тағы басқа көптеген маңызды ақпараттарға қол жеткізілді. Тренинг өте жоғары деңгейде өткізіліп, сертификаттар табысталды.