Тұңғыш Президент күні қарсаңында фтизиопульмонология орталығының ұжымы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хат алды.
 
«Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы , «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағдарламаларын , партияның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда жоғары жауапкершілік көрсеткендеріңіз үшін , сондай- ақ елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Праймериздің өткізілуіне қосқан зор үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс және жетістіктер тілеймін!» - деп Б. Сағынтаев алғысын білдірді.