23 қараша 2020 жылы Алмалы ауданына қарасты «ОСА» қалалық емханада «Фтизиопульмонология орталығының» координаторлары Гүлшара Ақбаева мен Гүлнар Алимова кезектен тыс өткізілген туберкулезбен күресу айлығына байланысты туберкулезге қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізілген іс-шараларды бағалау мақсатында мониторинг өткізді. Туберкулез бойынша индикатордың орындалу барысын талқылады.Талдау барысында емхана 34 аймақ бойынша ФГ жоспары мен орындалуы бойынша мониротринг жүргізді. Үстіміздегі жылдың он айы бойынша орындалу барысы 100 % көрсеткішті көрсетті. Сонымен қатар «Өзіңді тексеріп, еркін демал!» акциясы аясында флорорографиялық тексеру барысы тексерілді.
Ауруды анықтау мен емдеу барысындағы жаңа әдістемелерлер жайында мәліметтер берілді.
Көптеген қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/873-5635355.html#sigFreeIda9142d8603
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/873-5635355.html#sigFreeIda9142d8603