Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні аясында   04 наурыз 2020 жылы Медеу ауданына қарасты № 1 Қалалық емханада Фтизиопульмонология орталығының  координаторлары Эльвира Мұхаметкаримқызы мен Жанна Қыстаубаева туберкулезге қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізіп, консультативті көмек көрсетті. Туберкулез бойынша индикатордың орындалу барысын талқылады.

 

Жұмыс орнында дәрігерлер мен медбикелерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 05.01.2020 жылғы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 2 ақпандағы № 77 өзгерту енгізу туралы «Туберкулез бойынша халыққа медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» және Алматы қаласы бойынша белсенді туберкулезбен және туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын адамдарды қалпына келтіру емі мен оңалтуды ұйымдастыру туралы № 158 бұйрығымен таныстырылып, 46 қызметкерден ақпаратты игеру бойынша аттестация жүргізді.