Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні аясында келісілген кесте бойынша 28.02.2020 ж. Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының координаторлары Гүлшара Ақбаева мен Гүлнар Алимова Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясының студенттеріне семинар өткізіп, флюорографиялық тексеріс бойынша мониторинг жүргізді.
Семинар барысында туберкулез ауруының жұғуы мен анықталу жолдары, флюорографиялық тексерістен өтудің маңыздылығы жайлы айтылды. Студенттердің қойған сұрақтарына жауаптар берілді. Оқу орнында 640 студент білім алады.
Қала тұратын студенттер өздері тіркелген медициналық ұйымда жылда флюорографиялық тексерістен өтеді. Семинарға оқу орнының медицина қызметкері Л.Бисаханова мен 110 студент қатысты.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/796-b-kil-lemdik-tuberkulezben-k-res-k-ni-ayasynda.html#sigFreeIdbf9f04ee4b