Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні аясында 24 ақпан 2020 жылы Алмалы ауданына қарасты № 3 Қалалық емханада Фтизиопульмонология орталығының координаторлары Акбаева Гулшара, Филипповская Татьяна, Алимова Гулнар және Рузиева Зульфия жұмыс орнында дәрігерлер мен медбикелерді «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-158 бұйрығы» және Алматы қаласы бойынша белсенді туберкулезбен ауыратын адамдарды қалпына келтіру емі мен оңалтуды ұйымдастыру туралы бұйрықтармен таныстырыды. Координаторлар семинардан кейін емхананың 35 қызметкерін аттестаттау арқылы материалды игеру деңгейін тексерді.
Қосымша емханада туберкулезге қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізілген іс-шараларды бағалау мақсатында мониторинг өткізді. «Тікелей бақылау бөлмесі» мен «Екпе бөлмесінің» жұмысын тексеріліп, амбулаториялық ем қабылдап жүрген науқастардың «КМИС» программасы бойынша жасалып отырған ем-шараларын қадағалады. «ИСЛО» програмасы бойынша дәрі-дәрмекті жүргізу барысы тексерілді. Координаторлар қызметкерлермен туберкулез бойынша индикатордың орындалу барысын талқылады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/794-seminar-3-alaly-emkhanada.html#sigFreeId68911f9c13