Алматы қаласында бекітілген кестеге сәйкес туберкулезге қарсы іс-шаралардға Мониторинг жүргізу жалғасуда. 19 ақпан 2020 жылы Алмалы ауданындағы «Орталық жанұялық емханада» Фтизиопульмонология орталығының координаторлары Акбаева Гулшара, Филипповская Татьяна, Алимова Гулнара және Рузиева Зульфия туберкулезге қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізілген іс-шараларды бағалау мақсатында мониторинг өткізді. ТББ (тікелей бақылау бөлмесі) жұмысын тексеріп амбулаториялық ем қабылдап жүрген науқастардың  КМИС программасы бойынша жасалып отырған ем-шараларын қадағалады. Екпе бөлмесінің жұмысы тексеріліп, туберкулез  бойынша индикатордың орындалу барысын талқылады.

 

Жұмыс орнында дәрігерлер мен медбикелерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.01.2020 жылғы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 2 ақпандағы № 77 өзгерту енгізу туралы «Туберкулез бойынша халыққа медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» және Алматы қаласы бойынша белсенді туберкулезбен және туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын адамдарды қалпына келтіру емі мен оңалтуды ұйымдастыру туралы № 158 бұйрығымен таныстырылды. Қатысқан адам саны 40.