31.01.2020 ж. Алматы қаласының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК -да  стационар және консультациялық-диагностикалық бөлімдерде (КДБ) «Коронавирустық инфекция» туралы  семинар өткізілді. Эпидемиолог Жадра Нащеева және КДБ жетекшісі Саулеш Ауезова короновирус инфекциясы туралы кеңінен ақпарат берді.

   

Жаңа коронавирус (2019-nCoV), бейресми Ухань коронавирусы деп те аталады,тыныс алу жолдарының инфекциясын тудыратын, адамнан адамға берілетіні дәлелденген жұқпалы вирус. Алғаш рет Ухань (ХубэйҚытай) билігі анықтаған, қазіргі таңда жалғасып жатқан 2019-2020жылғы Уханьдағы жаңа коронавирус індетінің қоздырғышы Genomic sequencing has shown that it is a positive-sense, single-stranded RNA coronavirus.

 

2019 жылы, желтоқсанның басында инфекция алғаш рет адамнан анықталды. Молекула сағатын қолдану арқылы анықтауда инфекцияның туындау уақыты шамамен сондай не одан ертерек екені белгілі болды.  Вирус Қытай құрлығының басқа провинцияларына және Тайланд, Жапония, Тайуан, Оңтүстік Корея, Аустралия, Франция және Құрама Штаттарыға таралды

   

2020 жылдың 30 қаңтарындағы дерекке сәйкес әлем бойынша 7,783, адам вирус жұқтырғаны белгілі, оның 7,678 Қытай құрлығынан Қытайдан тыс жұқтырғандар не Уханьда болған, не сол өңірде болған адамман тікелей байланысқа түскен   Әзірге белгілі мәлімет бойынша барлығы 170 адам көз жұмған.  

 

Басты белгілері пневмонияға ұқсас: дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, тыныс алудың қиындауы, есінен тану, кеуде тұсындағы ауырсыну сезімі, бас ауыруы, бұлшық еттердің ауыруы. Инкубациялық кезең 3-14 күнге созылады. Алдын алу шаралары: қолды жиі сабынмен не спиртті ертінділермен  жуу, жөтелгенде не түшкіргенде ауыз бен мұрынды матамен жабу, шикі не піспеген жануартекті өнімдерді тұтынбау.