Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында №25 қалалық емхана базасында 2019 жылы өткізілген туберкулезге қарсы іс-шаралардың қорытындысы бойынша медициналық кеңес өтті. Кеңеске Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы бөлімінің бас маманы Райхан Оспанова, Алатау ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Гүлнар Мақұлбекова және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы "фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Жанар Сапиева қатысты. Алатау ауданының әрбір медициналық ұйымы 2019 жылы жүргізілген туберкулезге қарсы іс-шаралардың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлар, жетістіктер, проблемалық мәселелер, сондай-ақ 2020 жылға белгіленген жоспарлар талқыланды. Негізгі мәселелер туберкулезді дер кезінде анықтау, емдеу тиімділігі және туберкулезден болатын өлім-жітімді азайту болып табылады.
Алатау ауданы бойынша фтизиопульмонология орталығының үйлестірушілері Эльвира Мұхаметкәрімқызы және Дариға Ахметкалиева 2019 жылдың қорытындысы бойынша туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы туралы есеп берді..
Кездесу барысында «Фтизиопульмонология орталығының» заңгері Уржамал Қыстаубаева қатысушыларға емдеу тәртібін бұзушылармен жұмыс істеу алгоритмін түсіндірді.Сонымен қатар фтизиопульмонология орталығының консультациялық-диагностикалық бөлімінің басшысы Сәулеш Ауезова «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» «ҚР ДСӘДМ 2016 жылғы 2 ақпандағы №77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 қаңтардағы № 158 бұйрығымен таныстырды.
Фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Қарлығаш Молдахметова туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінің ақпараттық жүйесіне (ҰТАЖ) және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесіне (ДҚАЖ) деректерді уақтылы енгізу қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/755-almaty-alasy-alatau-audany-bojynsha-tuberkulezge-bajlanysty-meditsina-yzmetkerlerini-ke-esi-tti.html#sigFreeId17083473eb