2019 жылдың 07-11 қазаны аралығында Алматы қаласында Zero TB Cities жобасы аясында STOP TB Partnership (АҚШ) консультанты И.Гельманованың үшінші сапары өтуде, ол Алматы қаласының туберкулезге қарсы қызметінің жұмысымен танысуды жалғастыурда.
Сапардың жоспары бойынша Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мамандарымен, қалалық Фтизиопульмонология орталығымен кездесу, «Компас» мобильді бригадасымен «Забота» кризистік орталығы ҮЕҰ аутирич қызметкерімен бірге емдеуден үзілген науқастарды іздеп шығу, әлеуметтік жағынан осал санаттағы 3 науқастың үйінде болып, №29 қалалық емхананың жұмысымен танысты, сондай-ақ «Достар Мед» жеке медициналық орталығында болды.
09.10.2019 ж. кеңесші И. Гильманова ҚР ДСМ ҰҒФО басшысы М. М. Әбденов және Жаһандық қордың менеджері Ш. Ш. Исмаиловпен кездесті..
Сонымен қатар «Санат алеми» ҚҚ-ның жәрдемімен Алматы қаласының белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығында туберкулезбен ауыратын науқастармен де кездесті. Сапар аяқталғаннан кейін ҚДСБ және Алматы қаласының туберкулезге қарсы қызметі үшін анықтама мен ұсыныстар ұсынылды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/702-almaty-alasynda-zero-tb-strategiyasyn-zh-zege-asyru-ayasynda.html#sigFreeId3431eefab4