10.07.2019 ж. Алматы қаласында Орталық Азиядағы KNCV өкілдігімен ұйымдастырылған "ТБ/АИТВ-ның алдын алу және емдеуді жақсарту-болашақ модельдерін құру" жобасының қорытындысы шығарылып, іс-шараның жабылу салтанаты өтті.

 Жоба 2015 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлескен жоспар бойынша жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға қаланың медициналық мекемелері: Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығы, БМСК, жеке медициналық ұйымдар тартылды.

 

Кездесуге Нидерланды елінің өкілдері- AFEW International директоры Анке ван Дам, және KNCV орталық кеңсесінің аға кеңесшісі Кейси Фикерт қатысты.

KNCV орталық кеңсесінің аға кеңесшісі Кейси Фикерт өз сөзінде жоба аясында басқа елдерде қолдануға болатын ТБ және АИТВ бойынша ықпалдастырылған көмектің қолданыстағы моделі құрылғанын атап өтті. Алматы қаласында көзделген жоба бойынша барлық мақсаттарға қол жеткізілді, ТБ және АИТВ саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс айтарлықтай ілгерулер байқалады.

 

Алматы қ. ҚДСБ Қоғамдық денсаулық бөлімінің басшысы М. Т. Шегебаева KNCV орталық және аймақтық кеңсесінің өкілдігіне Алматы қ. туберкулезге қарсы іс-шараларды жақсартуға қосқан үлесіне және өзекті жобаны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

 

Алматы қ. «Фтизиопульмонология орталығының» директоры Ж. А. Сапиева осы жоба барысында туберкулезге қарсы жеке клиникалармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесіп істеген жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасады.

 

Кеңеске ҚР ДСМ жұқпалы аурулар ФҰҒО және дерматология ғылыми орталығының өкілдері қатысты.

 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы KNCV директоры Пак С. Р, AFEW Kazakhstan директоры Р. Дудник, ҮЕҰ дағдарыс орталығы өкілдері «Забота», «Доверие плюс», «Санат алеми» және Алматы қаласының жеке клиникаларының өкілдері.