Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығындағы сенбілік
2026 жылғы 6 маусымда Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсенді қатысты.
Орталық ұжымы мекеме аумағын санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді: құрғақ бұтақтар мен қоқыс жиналып, жасыл аймақтар тазартылды, гүлзарлар мен іргелес аумақтар ретке келтірілді. Бірлескен еңбектің арқасында қызметкерлер пациенттер мен орталық ұжымы үшін таза, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Сенбілікке қатысқан 36 қызметкер қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және мекеме аумағын көркейтуге өздерінің азаматтық жауапкершілігі мен белсенді ұстанымдарын көрсетті.
Фтизиопульмонология орталығы экологиялық әл-ауқатты сақтауға және тазалық мәдениетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдай отырып, Алматы тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және осындай игі шараларға белсенді қатысуға шақырады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1816-almaty-alasyny-ftiziopulmonologiya-ortaly-ynda-y-senbilik.html#sigFreeId8df593a57e










