08.04.2026 жыл. Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында эпидемиолог дәрігер Нащеева Жадра мемлекеттік сатып алу алдында FFP3 класты респираторларға FIT-тестілеу жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныс құралдарының тиімділігін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау.

FIT-тестілеу — респиратордың бетке қаншалықты тығыз жанасатынын анықтайтын және тыныс алу ағзаларын инфекциялық аэрозольдерден сенімді қорғауды қамтамасыз ететін міндетті рәсім. Бұл, әсіресе, туберкулезбен ауыратын науқастармен жұмыс істеу кезінде аса маңызды.

Тестілеу барысында:

  • респираторлардың бетке тығыз жанасуы бағаланды;
  • қолайлы үлгілер мен өлшемдер іріктелді;
  • жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану бойынша тәжірибелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
  • медицина қызметкерлерінің инфекциялық бақылау бойынша білім деңгейі арттырылды.

Мемлекеттік сатып алу алдында FIT-тестілеу жүргізу ең тиімді әрі қауіпсіз респиратор үлгілерін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады.

 Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі – басым бағыт!