2026 жылғы 09 сәуірде Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының фтизиатр дәрігерлеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинарды орталықтың клиникалық фармакологы Ажара Сагимбекова жүргізді. Оқытудың негізгі тақырыбы — перифериялық нейропатияны субъективті және объективті бағалау, оны дер кезінде диагностикалау, сондай-ақ туберкулезге қарсы препараттардың жанама әсерлерін жою әдістері болды.
Семинар барысында:
- перифериялық нейропатияны бағалаудың заманауи тәсілдері;
- науқастарды қарау және жүргізу алгоритмдері;
- жанама әсерлердің алдын алу және түзету жолдары қарастырылды;
- вибрацияны сезінуін бағалау және терең сіңірлік рефлекстерді тексеру әдістері көрнекі түрде көрсетілді.
Оқытуға 18 фтизиатр дәрігер қатысты.
Мұндай білім беру іс-шаралары мамандардың біліктілігін арттыруға, емдеу сапасын жақсартуға және туберкулезбен ауыратын науқастарда асқынулардың даму қаупін төмендетуге ықпал етеді.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бағытындағы жұмыс тұрақты түрде жалғасуда.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1809-o-ytudy-negizgi-ta-yryby-periferiyaly-nejropatiyany-sub-ektivti-zh-ne-ob-ektivti-ba-alau.html#sigFreeId7ebd00cea9










