Алматыда «Орталық Азия – туберкулезден азат өңір: ұлттық жетістіктерден – өңірлік көшбасшылыққа» атты Халықаралық конференция өз жұмысын жалғастыруда.
2025 жылғы 3 қазанда қатысушылар панельдік сессиялар мен жұмыс топтарына белсене қатысты. Күн тәртібінде маңызды тақырыптар талқыланды:
- туберкулезге қарсы күресте ғылымның рөлі,
- сыртқы қаржыландыру азайған жағдайда бағдарламалардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары,
-Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің барлық формадағы туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша озық тәжірибелері.
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті туберкулезге қарсы шараларға енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның туберкулез жүктемесін азайтудағы маңызды рөлі талқыланды.
Бұл конференция – тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар өңірлік деңгейде туберкулезге қарсы күресте мықты көшбасшылықты қалыптастыруға жасалған маңызды қадам!
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1795-ortaly-aziya-tuberkulezden-azat-ir-ltty-zhetistikterden-irlik-k-shbasshyly-a.html#sigFreeId64332be2ce










