Бұл – тек мереке емес, тарихқа тағзым, ерлікке бас ию, ұрпаққа үлгі боларлық маңызды күн. Осыған орай елімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі – Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік.
Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері де бұл шараға белсене қатысты. Бұл шараның мақсаты тек тазалық жасап қою ғана емес, өткенге, Отанымызды қорғау үшін өз өмірлерін аямаған адамдарға құрмет білдіру. Батырлардың рухына деген алғысымызды ісімізбен көрсетіп, олар аманаттаған тыныш өмірдің қадірін тағы бір сезіндік.
Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік – бұл табиғатты таза ұстау ғана емес, бұл – тарихты ұмытпау, ерлікке тағзым ету. Мұндай шаралар біздің бойымызда патриоттық сезімді, елге, жерге деген махаббатты арттырады.