Жаңа 2025 жыл
Қымбатты әріптестер, қала тұрғындары!
Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын! Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!
Жылыстаған жылдармен жылжып есен - сау жүре берейік! Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2025 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын!
27.12.2024 жылы Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында Жаңа жыл мересесіне арналған салтанатты жиналыс өтті. Коллективті директор Жанар Сапиева құттықтап, жұмыста және жеке өмірде сәттілік тіледі. Бактериологиялық зертхана қызметкерлері шағын концерт ұйымдастырып, ұжымды құттықтау үшін Аяз ата мен Ақшақарды шақырды. Орталықтың бөлімдеріне кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Бактериологиялық зертхана қызметкерлеріне үлкен РАХМЕТ!!!!
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке деп саналады
Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1 - інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф - тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың - көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.
Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22 - сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1784-zha-a-2025-zhyl.html#sigFreeIdc50246d767