Біздің әрқайсымыз шұғыл көмек көрсету қажет болатын жағдайға тап болуымыз мүмкін. Бұндай жағдайға әрқашан дайын болу керек. Осыған байланысты Фтизиопульмонология орталығында қызметкерлерді шұғыл көмек көрсету бойынша оқыту кезең - кезеңімен жүргізіледі. Осылайша, 2024 жылғы 20 және 23 - қыркүйекте реанимация бөлімшесі меңгерушісінің м. а. М. Ж. Аманбаев "Көк Код" сигналын іске қосу кезіндегі іс - әрекеттер бойынша қызметкерлерді оқытуды жүргізді. "Көк Код" - бұл медициналық мекемеде науқасқа реанимациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесі.
Мұрат Жалғасұлы қандай жағдайларда базалық реанимациялық көмек (BLS) көрсетілетінін, жәбірленушінің жағдайын қалай дұрыс бағалау керектігін, іс - қимыл алгоритмі қандай екенін еске салды. Муляжды қолдана отырып негізгі жүрек - өкпе реанимациясының қадамдарын көрсетті.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қызметкерлер BLS - ті муляжда жасап, жаттықты. "Көк код" дабылы іске қосылған кезде қызметкерлердің іс - әрекеттерінің нюанстары талқыланды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1773-ftiziopulmonologiya-ortaly-ynda-sh-yl-k-mek-o-ytuy-tti.html#sigFreeId785f245602