Құрметті әріптестер, "Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі - кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс - сауабын арқалаған, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. "Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы" сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілеймін. Ізгі ниетпен, Жадыра Шыныбековна.